АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]82 жастағы ақын басшы болды[:]

[:kz]

 

«Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мемлекеттік музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жаңа директоры тағайындалды. Ол — белгілі ақын, қоғам қайраткері Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ. 82 жастағы ақын архелог Карл БАЙПАҚОВТЫҢ орнына келіп отыр.                   

2016 жылы ашылған бұл мекемеге басшы болып археолог Карл Байпақов тағайындалған болатын. Белгілі археолог биылғы жылдың қараша айында 78 жасында дүниеден өткен еді. Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ ұжымға Олжас Омарұлын өзі таныстырды.

-Бұған дейін бұл орталық айналысқан бағдарламалар бірлесіп ақылдасқан жобалармен молаяды. Карл Байпақовтың бастаған ісі жалғасады. Тематикалық бағдарламаларда өзгерістер болады. Археологиялық бағытта ғана жұмыс істемейміз. Біздің ата- бабаларымыз өз іздерін тасқа қашалған сөзге де қалдырған, — деді Олжас Сүлейменов.

Фото: sputniknews.kz

[:]