АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Украина Ресеймен достық туралы келісімнен шықты[:]

[:kz]

Украина президенті Петр Порошенко Ресеймен достық туралы келісімнің күшін тоқтату туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Азаттықтың Украин қызметі хабарлады.

«Ресеймен келісімді ұзартпауды жекелеген оқиға ретінде емес, өткен шақтың отарлық белгілерінен арылып, Еуропаға бет алу стратегиямыздың бір бөлігі ретінде қарастыру керек» деді Порошенко. Ол сонымен қатар үкіметтен ұзаққа созылған қарулы қақтығыстан көрген шығынды өндіріп алу үшін Украинаның Ресейдің үстінен шағымдану жұмыстарын үйлестіретін ведомствоаралық орган құруды талап ететінін айтты.

«Мен ерекше мәртебе мен арнайы өкілеттік берсек мұндай орган Украинаның ұлттық мүдделерін қорғау міндетін тиянақты орындайды деп санаймын» деді Порошенко.

Президент бұған дейін достық туралы келісімді Украинаның Ресейдің үстінен халықаралық сот пен басқа да инстанцияларға шағымдануына негіз болу үшін оны ұзартудан бас тартпағанын айтты.

Украина мен Ресей арасындағы достық және ынтымақтастық жөніндегі келісімге 1997 жылдың 31 мамырында сол кездегі екі ел президенті Леонид Кучма мен Борис Ельцин қол қойған. Келісім он жылға (одан әрі өздігінен ұзара береді) арналған. Келісім 1999 жылдың 1 сәуірінен бастап күшіне енген. Келісімде тараптардың бір-бірінің «аумақтық тұтастығын құрметтеп, екі ел арасындағы мызғымас шекараны мойындайтыны» айтылған. Құжатта сонымен бірге екі елдің өзара қарым-қатынасын «өзара теңдік, шекараның беріктігі, дау-жанжалды бейбіт реттеу және күш қолданбау принциптері» негізінде құратыны көрсетілген.

Қыркүйектің соңында Петр Порошенко БҰҰ бас хатшысына Украинаның Ресеймен достық туралы келісімді ұзартпайтыны жөнінде нота жолдаған

azattyq.org

[:]