[:kz]
Мысырда танымал актриса әрі фотомодель Рания Юсефтің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ол көпшілік бас қосқан кинофестивальде киген мүсінін айқындап тұратын тор көйлегі үшін жауапқа тартылмақшы.
Көпшілік желіде актрисаның елдің алдында дене сымбатын ашық көрсеткенін сынап пікір білдірген. Мұсылман дінін ұстанған халық, жұлдыздың бұл әрекетін арандатушылық деп те атаған. Осыдан кейін бұл мәселеге заңгерлер үңілген. Енді актриса осы қылығы үшін сот алдында жауап береді.
44 жастағы Рания Юсефтің өзі болса осы киімді таңдағанда елдің ашуына тиіп кетемін деп еш ойламағанын, сол киіммен халықтың алдына шыққанына өкінетінін жазған. Бірақ, ол өкіну актрисаны заң алдында жауапқа тартылудан босата алмады.
kyn.kz
[:]