[:kz]
Өзбекстанда Ислам КАРИМОВТЫҢ жеке күзет қызметінің бұрыңғы басшысы генерал-майор Мухиджон ТОХОРИЙ ұсталды. Бұл туралы Жас Алаш Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Ұсталған генералға қатысты тергеу шаралары басталды», — деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
2013 жылы М. Тохорий президенттің қауіпсіздік қызметін басқарған. Сондай-ақ, мемлекет басшысының кеңесшісі, Ұлттық қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары сынды лауазымды қызметтерде болған. 2011-2016 жылдары Ұлттық қауіпсіздік қызметі басшысының орынбасары болса, 2016 жылдан 2018 жылдар аралығында Мемлекеттік кеден комитетін басқарды.
Азаттық радиосының өзбек қызметінің мәліметінше, 2014 жылы Ислам Каримовтың сенімді серігі болган генерал М. Тохорий Гүлнар КАРИМОВАНЫҢ үйіне тінту жүргізген еді.
zhasalash.kz
[:]