[:kz]
Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында белгісіз ер адам 5 жасар баланы кепілге алған. Күдікті кішкентай баланың тамағына пышақ тақап, полиция келгенге дейін баланың анасын шақыртуды талап еткен.
24.kz-тің жазуы бойынша, Достық-244 үйдің тұрғындары аулады төбелес болып жатқаны жайлы Орал қалалық полиция басқармасына қоңырау шалады. Полиция қызметкерлері келгенде қылмыскер пәтерлердің бірінде баланы кепілге ұстап тұрған. Абырой болғанда, полицейлер баланы арашалап қалды.
Полиция қызметкерлері 25 жастағы күдіктімен сөйлесіп, келісімге келуге талпынып, ақыры тыныштандырады, күдікті баланы босатады да, өзі беріледі. Қазір қылмыскердің үстінен ҚР ҚК 115-бабына (қорқыту) сәйкес іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
8 желтоқсан күні болған оқиғаның бас қаһарманы капитан Мұхит Әбілқайыров ақшалай сыйақымен марапатталып, баланың анасы мен атасы департамент басшылығына алғыс хат жолдады.
zhasalash.kz/
[:]