АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Президенттің қыздары Британия королевасымен көрші тұрғысы келеді[:]

[:kz]

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевтің қыздарының үстінен ақша жымқыру туралы күдік туып отыр. Британдық The Guardian газетіне сілтеме бере отырып хабарлаған Азаттық радиосы өзбек қызметінің жазуына қарағанда, Лейла және Арзу Әлиевалар Лондоннан 60 миллион фунтқа үй сатып алмақ болған. Лондонның Найтсбридж ауданында орналасқан екі үй де королеваның резиденциясы – Букингем сарайына жақын орналасқан. Бұл үйлерді қолға түсіру үшін ханшайымдар британдық Халид Шарифтің панамалық Mossack Fonseca фирмасынан сатып алған офшорлы компаниясын пайдаланбақ болған. Ал, бұл – соңғы жылдары жемқорлыққа қатысы бар компания ретінде журналистік зерттеулерде жиі аталып жүрген компания.

Бұл шаруа 2016 жылы Әлиевтердің үстінен ақша жымқыру туралы күмән туып, үлкен масштабта шу көтерілген соң барып тоқтаған. Әлиевалардың ақшасының қайдан келгенін тексермегені үшін Шарифтің өзіне айыппұл салынған. Бірақ, Шариф Әлиевалардың саясатқа еш қатысы жоқ екенін айтып, айыппұл төлеуден бас тарқан.

Әлгі шудан кейін тағы да тексеру жүріп, Әлиевтердің офшорлық компаниялар арқылы Лондон ғана емес, Мәскеу, Дубай, Прага қалаларынан үй алмақ болғаны туралы да іс қозғалған.

2018 жылдың басындағы дерек бойынша Арзу мен Лейла Әлиевалар бизнеске инвестиция салуға, Еуропа мен Таяу Шығыстан қымбат сарайлар мен заманауи отельдер алуға ондаған офшорлық компанияларды пайдаланған. Журналист-зерттеушілердің мәліметінше, Әлиевтер әулеті үйлерінің жалпы сомасы 100 млн. доллардан асып жығылады. Ал, тағы бір дереккөздерде Әзірбайжан билігі Еуропа банктері арқылы 2,9 млрд. доллар жымқырған.

Әлиевтер көп жылдар бойы Мальтаның Pilatus банкі арқылы жан-жаққа ақша аударып отырған. Кейіннен анықталғандай, банктің 150 тұтынушысының басым бөлігі Әзірбайжанның билік өкілдеріне тиесілі болып шыққан. Әлиевтер отбасы осындай жолмен Панама және Британдық Виржин аралдарындағы 26 офшорлық компаниямен жұмыс істескен. Лейла мен Арзу ханымдар қазіргі таңда Pasha-Holding компаниясының иесі саналады. Бұдан басқа телекоммуникация, мұнай, банк, тау-кен өндірістерін қамтитын Ata-Holding-тің 75%-ы, бірнеше банк, құрылыс компаниялары, Әзірбайжандағы негізгі үш мобтльді оператордың екеуін, т.б. айтпағанда жалпы әулетке тиесілі Дубайда 11 жеке үй, Лондонда, Париж, Карловы Вары, Мәскеуде бірнеше үйі, одан бөлек Әзірбайжандағы Шах-Даг курортымен қоса Черногорияда бір курорты бар.

Жалпы, Әзірбайжан көптеген батыс елдерінің көзқарасы бойынша «феодалдық ел» саналады. Ондағы бүкіл басқару тетіктері, экономикасы тегістей президент Ильхам Әлиев арқылы жүреді. Ал, бұл Ильхам 2003 жылы әкесі Гайдар Әлиевтің орнына отырған болатын.

zhasalash.kz

 

[:]