[:kz]
Айтыскер ақын Қытайға Димашты ойыншыққа айналдыруға рұқсат берген министрлікті сынады.
Танымал ақын Ринат Зайтов Димаш Құдайбергеннің өнеріне үлкен сыйластықпен қарайтынын, оған қандай атақ берсе де артық болмайтынын айтты, деп жазды KYN.KZ.
Кезінде «Димаш сияқты шіңкілдеген жігіттерден қорқамын» деген ақын, неден қорыққанын да жасырмады. Айтуынша Димаш қазір Қытайдық қазаққа қарсы қолданып жатқан қаруына айналған. Тіпті талантты жас әнші саяси құралға айналды дейді ақын.
«Димаштың образын қытайлар жасады. Қытай жастарын Димаштың артынан жүгіртіп қойды. Ойбай қазақша ән айтып жатыр қытай жастары деп мақтанамыз. Олар біздің баланы өзімізге қарсы пайдаланып жатыр.
Біздің министрліктің басы істесе, Димашты «Славиянский базар» сайысынан кейін қазақтың операдағы паспорты ретінде басқа бағытқа қарай жылжытуы керек ед. Димаш қазір Қытай саясатының таза құрбаны»,- деді ақын Ринат Заитов.
Ақынның сөзінше Димаш қазір қазаққа қызмет етіп жатқан жоқ. Ол қазақтың атын әлемге танытып жатқан жоқ. Ол қазір тек өз есімін шығарумен айналысып жатыр екен.
«Димаш қазаққа жұмыс істеп жатқан жоқ. Қазаққа оның еңбегі сіңеді, егерде ол «Менің мемлекетімді осы мемлекет қорлап жатқанда, мен мұнда өлең айтпаймын» деп микрафонды жерге тастаса ол қазаққа жұмыс істеген болады. Осы кезде оған қандай атақ берсек те, ескерткіш қойсақ та татитын еді. Жасасын ер азамат қой. Қазақтың атын шығарып жатқан Геннади Головкин ол үнемі қазақтың шапанымен шаршыалаңға шығады. Қанат Ислам, лақап аты да Қазақ»,- дейді ақын.
kyn.kz
[:]