АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ресей өз аумағының бір бөлігін бакылауынан айырылып қалуы мүмкін![:]

[:kz]

Ағымдағы жылы Ресейдің бүкіл заманауи тарихы үшін мигранттардың төменгі ағымы тіркелді. Бұдан басқа, Ресей Федерациясы 2000-шы жылдардың көрсеткішінен 10 есе көп адам қа елдерге кетіп отыр. Мигранттардың ағыны жергілікті халықтың саның төмендеуіне тоқтатуға көмек бермей отыр. 2018 жылдың бірінші тоқсанынан бастап 2018 жылдың үшінші тоқсанына дейінгі аралықта Ресей Федерациясына 42 %-ға аз шетел азаматтары келіп отыр.

Сондай-ақ, Ресей Федерациясында 2014 жылмен қарағанда уақытша жұмысқа келген мигранттар саны 1 млн азайған. 4 жыл ішінде украиндықтардың ағымы 500 мыңға жуық адамға азайған, жарты миллионға адамға өзбектердің саны азайған еді.

Бұл әлсіз рубльдің салдары деп толық айтуға болады екен. Бұл мигранттардың Ресей Федерациясында жұмыс істеуге және отбасыларына шетел валюта ақшаны аударуға пайдасыз болып отыр деген сөз. Шетелдіктерді жұмысқа қабылдаудың қатаң ережелерін енгізу тағы осындай себептердің бірі болып табылады.

Ресей Федерациясынан көшіп кету айтарлықтай өсті. 2018 жылы Ресейден 380 мың адам кеткен, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 10 есе көп. Эмиграцияның негізгі себебі — Ресейдегі экономикалық жағдайдың айтарлықтай нашарлауы.

Ол Ресейден «миының ағуын» мәселесіне әкеліп отыр екен. Ресей Ғылым Академиясының қызметкері техничкамен бірдей жалақы алады – бұл 30 мың рубль екен. Сондықтан көптеген талантты ресейлік ғалымдар мұндай ақша үшін жұмыс істегісі келмейді және елден кетіп отыр АҚШ, Еуропа және басқа елдерге, қайда жалақы жоғары және лайықты деңгейде болып отыр. Егер бұл үрдіс сақталса, Ресей жақын арада интеллектуалды және ғылыми жағынан деградацияға әкеледі екен.

Демография жағдайы Ресейде жақсармай отыр, өйткені Ресей жаңа «демографиялық тесік» кезеңіне кірді. Сондай-ақ, бала туудың төмендеуі өмір сүру деңгейінің төмендеуіне және экономиканың тозуына ықпал етіп отыр.

БҰҰ деректері бойынша, 2050 жылға қарай Ресейдің халқы 15 миллион адамға азаяды. Кейбір ресейлік ғалымдардың ойынша, Ресей аумағы үшін ел аумағының өте біркелкі емес орналасуы әлдеқайда өте қауіпті. Мәскеу және басқа да Ресейдің ірі қалалар тез өсіп

келеді. Сонымен бірге Ресейдің талай өңірлерде тұрғындар өте аз және іс жүзінде олар бұл жағынан бос болып отыр. Егер осы үрдіс жалғаса берсе, онда Ресей Федерациясы өз аумағының бір бөлігін бақылаудан айырылып қалуы мүмкін

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс Халықаралық Университетінің доценті, тарих ғылымның кандидаты

[:]