АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Астанада әйел мектепте 1- сынып оқушысын ұрлап баражатқан жерінен ұсталды[:]

[:kz]

Мектеп күзеті мен мұғалімдер күдіктіні оқушылардың бірінің анасы деп қабылдап,бейтаныс баланы ертіп кеткеніне аса мән бермеген.

Астанада тапа тал түсте бастауыш сынып оқушысы жоғалып кете жаздады. Алты жастағы Әрсен мектеп ішіне кіре бергенде оны белгісіз әйел қолынан жетектеп ғимаратқа өтіп кеткен, деп жазды KYN.KZ 31 арнажаңалықтарына сілтеме жасай отырып.

Аңдамай ішке еніп, баламен бірге асханаға қарай бет алған әйелді  күзет те байқамай қалыпты. Табалдырықтан аттай сала ізім-ғайым жоғалып кеткен оқушыны тәрбиешілер біраз уақыт бойы іздеп таба алмаған. Ең алаңдататыны, бұл әйелді сыртта такси күтіп тұрған екен.

«Мектепке кіргенде мына коридорда баланың қолынан ұстап алып, охрананың қасынан өтіп кеткен. Күзет те ештеңе істеген жоқ ол жерде»,-дейді Әрсеннің анасы Әйгерім Адырысова.

 
 

Белгісіз әйелдің әрекеті мектептің бейнекамерасына да түсіп қалыпты. Есікті ашып, сенімді түрде ары қарай өтіп кеткен. Тәрбиешілер баланың жоғалғанын тек жарты сағаттан соң байқапты.

Әйел бірден асханаға кіріп баланы тамақтандырған көрінеді. Одан кейін шыршаның түбіне келіп сөзге тартыпты. Әлде бірдеңені сезгеннен соң әйел қашпақшы болды дейді куәгерлер.

«Ол кісі сол секундты, моментті пайдаланып, мектептің ішіне ата-ана ретінде кірді деп ойлаймын. Менің өзімнің болжауым»,-дейдідиректор орынбасары Роза Қылышева.

Қалай дегенмен, іс тергеуден кейін белгілі болады. Қазір күдіктіден барлық жауап алынуда. Белгілісі, бұрын сотты болмаған екен.

«Полиция бөлімшесіне жеткізілген, әйелдің кім екені анықталды. 34 жасар, Ақмола облысының тумасы»,-дейді Астана қаласы ІІД баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова.

Болған жайттан өздері есеңгіреп қалған мектеп басшылығы енді қауіпсіздікті күшейтеміз деп отыр.

[:]