АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қостанайда балалар үйі алақан жайып жүр[:]

[:kz]

Жаңа жыл табалдырықтан аттар-аттамастан-ақ Қостанайда  жаңа «жыр» басталды. Облысымыздың әкімі Архимед Мұқанбетов Сара Алпысқызы тікелей бақылауға алған, сондықтан да қаржылық жағынан еш уақытта қысылып көрмеген «Жанұя» балалар үйіне  2 миллион теңге беріп, өзінше «мырзалық» танытып жүргенде өзге жетімдер жұртқа алақан жаятын күйге түскен көрінеді.

Біздің өткенде осы тақырыпқа жазған мақаламыздағы әкіміміздің жөнсіз жомарттығының шынайы жанашырлық емес, жоғары жаққа жақсы атты көрініп қалуы үшін жасалған әрекеті ме деген күдігіміз расқа шықты. Сол жолы біз «Мүмкін, әкім балаларға сыйлық жасағысы келсе, неге анау күнін әзер көріп отырған осындағы «Дельфин» балалар үйі секілді көңілі жарымжан балапандардың көңілін неге көтеріп тастамасқа?» деген едік.

Айтқанымыз айдай келді. Балаларға қажетті дүниелерден әбден тарыққан «Дельфин» балалар үйінің директоры Өмірбек Бәйкенов қолы жететін мекемелер мен көзтаныс кәсіпкерлердің барлығына  да үшбу хат жолдап, хал-қадарынша көмек беруін өтініп сұраған.

— Біз онсыз да көмек көрсетіп тұрамыз, — дейді қаламыздағы «Гермес» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Е.Сұлтанов, — Кезінде азық-түлік, кеңсе тауарлары мен басқа дүниелерді сөзге келместен алып беріп келдік.  Тіпті сұрамаса да киім-кешектен де қол ұшын бердік. Оларды біз дүкендерден таңдап жүріп, жақсысын аламыз. Мәселен, осындай бір күрткенің өзі  орта есеппен алғанда 35 мың теңгеге түседі. Біз бергенімізді пұлдап отырған жоқпыз. Алайда жақында  «енді дәрі-дәрмектен де көмектесіңдер» деген өтінішін есітіп, таң қалып отырмыз. Бұл тізім 30 түрлі дәріні қамтиды екен. Тіпті онда өзгесін былай қойғанда, онда  100 шақты емізік те жүр. Сонда қалай, бұл балалар үйіне мемлекет еш көмек бермей ме?

 Мынау  сол тізім

Бұл сауалға бір де жауап таппадық. Тек біздің «Дельфин» осындай өлместің күйін кешіп отырғанда әкіміміз қағанасы қарқ, сағансы сарқ «Жанұяға» ерекше мырзалық жасауын қандай қисынға сыйғызарымызды білмей басымыз қатып отырған жайымыз бар.

Жайберген Болатов

 Abai.kz

[:]