[:kz]
Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері қазақстандық орындаушының барлық уақыттағы үздік әншілердің рейтингінде жинаған дауыс беру қорытындысына наразылық білдіріп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Дауыс беру Ranker.com сайтында жүргізілді. Википедия мәліметінше, Ranker сайтына ай сайын 49 миллионнан аса қолданушы кіреді. Дауыс беру аяқталғанға бірнеше сағат қалғанда қазақстандық әнші тізімде екінші болып тұрған, ал 1-орында Фредди Меркьюри тұрған.
Сол кезде Димаш Құдайбергеннің 90 мыңға жуық дауыс жинағаны көрсетілген.
Алайда дауыс беру аяқталған соң қазақстандық әнші ондыққа да кірмеген болып шықты. Ол тізімде 369-орында болды. Барлық уақыттағы үздік әнші атағын Фредди Мерькюри жеңіп алды, 2-орында Майкл Джексон, ал 3-орында — Уитни Хьюстон.
Осылаша, Димаш Құдайбергеннің тыңдармандары рейтинг жасап шығарған сайттың басшылығына шағымданбақшы. Олар неліктен Димаштың тізімнің соңына түсіп кеткенін түсіндіруін талап етпекші. Тіпті сотқа дейін бармақшы.
kaz.tengrinews.kz/
[:]