АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыда әл-Фараби даңғылында 20 жастағы жүргізуші қауіпті әрекеттер жасады [:]

[:kz]

Алматыда әл-Фараби даңғылында қауіпті әрекеттер жасаған жүргізуші көлігінен айырылып, оған 150 мың теңге көлемінде айыппұл салынған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полициядағылардың мәліметінше, Toyota Camry жүргізушісі жолдың бойында бұрылыстар жасап, басқа жүргізушілердің қозғалысы қауіп келтірген.
«Полицейлердің тоқтау туралы талабын орындаған жоқ. Әл-Фараби даңғылымен Гагарин көшесіне дейін батыс бағытта бара жатты. Оны тек Сан мен Рысқұлбеков көшелерінің қиылысында ұстау мүмкін болды. Құқыққа қарсы жасаған әрекеттерін еш түсіндіре алмады. Бірден алты ереже бұзушылық жасағаны анықталды. Көлік арнайы айыппұл тұрағына жеткізілді», — деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының арнайы батальонының командиры, полиция подполковнигі Серікжан Әбжанов. Жүргізушіге қатысты хаттамалар толтырылды:

1 .Дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды заңсыз орнату ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 603-бабының 2-бөлігі бойынша («Көлiк құралына арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды орнату қағидаларын бұзу не жедел және арнайы қызметтер автомобильдерiнiң арнайы түстi-графикалық схемаларын заңсыз жазу»). Айыппұл сомасы — 63 125 теңге, көлік тәркіленеді.

 

2. Терезелерге тонировка жасау 590-баптың 5-бөлігі. Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу. Айыппұл сомасы — 12 625  теңге

3. Маневр ережелерін бұзу. Айыппұл сомасы — 12 625 теңге

4. Апатты жағдай орнатуы 606-баптың 1-бөлігі («Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы»). Айыппұл сомасы — 25 250 теңге

5. Мемлекеттiк тiркеу нөмiрiнсіз жүру 590-баптың 2-бөлігі («Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiк құралын басқару»). Айыппұл сомасы — 25250 теңге

6. Жол белгілері ережесін бұзу 601-баптың 1-бөлігі («Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау») Полициядағылар бұдан бөлек тағы екі көліктің айыппұл тұрағына жеткізілгенін айтты.

kaz.tengrinews.kz

[:]