[:kz]
Қарағандыда мектеп оқушылары пиццерияда орын беруден бас тартқан баланы ұрып-соққан, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz мәліметіне сүйене отырып.
Соққыға жығылған баланың анасы оқиғаның 26 қаңтарда сағат шамамен 15.00-де қаладағы пиццериялардың бірінде болғанын айтты.
«Балам 11-де, ол пиццерияға достарымен бірге тамақтануға барған. Төртеуі. Тамақтанып отырған кезінде алты-жеті бала келіпті. Үлкендері де, жастылары да бар. Балам өзгелердің жанында үлкенірек көрінеді, спортпен айналысады. Пиццерияға келгендер оны семіз деп, орынды босатуын талап еткен. Балам тұрмай қойған. Бұдан кейін әлгі балалар ұлымды шығарып алып, төбелеске шақырған, балам төбелеске уақыты жоқ екенін айтқан, ата-анасымен қонаққа баратынын айтты. Ол ештеңе істемей тұрды, сонда балалардың бірі оған бетінен күтпеген соққы жасады. Ол құлады, қалған екі бала оны тепкілей бастады. Ұлымның достары кішкентай, ештеңе істей алмай, қарап тұрды», — дейді әйел.
Оқиға видеобақылау камерасына түсіп қалған. Видео кадрларынан құлаған баланы өзгелердің тепкілеп жатқанын көруге боалды. Қар үстіне тамған қан анық көрінеді.
«Шын мәнінде төбелес болды. Бірнеше жасөспірім біздің мекеменің алдында бір баланы соққыға жыққан. Өзіміз де не болғанын түсінбей қалдық. Қызметкерлеріміз камерадан бірдеңе болып жатқанын көріп, бірден далаға жүгіріп шықты. Келушілер мен көшедегілер бізге көмектесе бастады», — дейді ауысым менеджері Бекарыс Сәби.
Қазіргі уақытта бала үйінде. Анасының айтуынша, ол абырой болғанда ауыр жарақат алмаған, бірақ түні бойы ұйықтамапты.
Соққыға жығылған баланың анасы оқиғаның 26 қаңтарда сағат шамамен 15.00-де қаладағы пиццериялардың бірінде болғанын айтты.
Қазіргі уақытта бала үйінде. Анасының айтуынша, ол абырой болғанда ауыр жарақат алмаған, бірақ түні бойы ұйықтамапты.
Видеода бейәдеп сөздердің бар екенін ескертеміз.
Ұсынған: Назерке Лабихан
[:]