АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]50 градус аяз туралы хабарлама астаналықтардың үрейін ұшырды [:]

[:kz]

Астана тұрғындары әлеуметтік желі мен мессенджерлер арқылы полиция департаменті жіберген ескерту хабарламаны таратуда. Хабарламада алдағы күндері күндіз 40 градус аяз, ал түнде 51 градусқа дейін суық болатыны жазылған деп хабарлайды NUR.KZ.

Хабарламада келесі аптада қатты аяз болатыны жазылған. Ондағы ақпарат бойынша, ақпанның бесі мен оны аралығында Астанада — 50 градусқа дейін аяз болады.

 

Осы орайда хабарлама авторлары тұрғындарды үйден шықпауға, алыс сапарға бармауға, көшеде жалғыз жүрген балаларға ерекше назар аударуға шақырған.

Алайда Астана қаласының полиция департаменті мұндай ескерту таратпағандарын мәлімдеді.

Дегенмен ауа райының бұзылып, күн суытуына байланысты қала тұрғындарына сақ болуға, көшеде мас күйдегі адамдарға, балаларға назар аударып, 102 нөміріне хабарласуды өтінді.

 

Елорда әкімшілігінің сайтында қала тұрғындарына үндеу жарияланған.»Аяз күшейіп, жел көтеріліп, дауылды ескерту жарияланғанына байланысты, қала тұрғындары мен қонақтарынан төтенше жағдай туындаған жағдайда және анықтамалық-ақпараттық сұрақтар бойынша, iKomek орталығының көмегіне жүгінуге немесе 109 нөміріне хабарласуды сұраймыз «, — делінген хабарламада.

 NUR.KZ.

[:]