АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақтан қыз алған америкалық Назарбаевпен кездесуді армандайды (видео)[:]

[:kz]

Өзін «қазақтың күйеу баласымын», деп санайтын Нью-Йорк қаласының тұрғыны Стив Росси қазақтың ханы Абылай хан туралы және қазақ жүздерінің ерекшеліктері туралы біледі деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Хабар 24» сайтының дерегін негізге алып. 

Диана есімді қазақстандық қызбен танысқаннан кейін Стив Росси қазақтың тарихы мен Қазақстанның мәдениетіне қызыға бастайды.

«Менің әйелім — орта жүздің қызы. Мен қазақтың үш жүзі мен Абылай хан туралы кітап оқығанмын. Әсіресе  Абылай хан туралы жақсы білемін. Ол нағыз қазақ және тарихи тұлға. Сондай-ақ Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы фильм көрдім, кітабын да оқыдым. Енді президенттің өзімен көзбе-көз кездесуді армандап жүрмін», дейді Росси.

Ол Қазақстанға келген кезде міндетті түрде кітап дүкендерін аралап, қазақ тілінде аудармасы бар бірнеше әдеби кітапты сатып алады. Кейін Нью-Йоркте бос уақытын осы кітаптарды оқуға арнайды.

Оның айтуы бойынша Нью-Йоркте қазақ тілінде сөйлейтін адамдар аз. Бұл жайт оның қазақ тілін үйренуіне, қатесіз сөйлеуіне кері әсерін тигізіп жатыр.

 

«Мен қазақтың күйеу баласымын. Менің Тимур есімді 10 жастағы ұлым бар. Өзім Нью-Йоркте дүниеге келгенмін. Ал қазақтың мәдениеті менің жүрегімде сақталған. Қазақ — өте жақсы, қонақжай халық. Мен Қазақстанда 2 рет болғанмын. Қазақтың қымыз, шұбат, қуырдақ, қазақша ет секілді ұлттық тағамы маған қатты ұнады. Қазақстандағы туған-туысқа жалынды сәлем жолдаймын», деп сөзін аяқтады Росси.

Аударған: Әсел Болатқызы

«Қамшы» сілтейді

[:]