[:kz]
Отбасымен қауышу үшін Қытайдан қашуға мәжбүр болған Сайрагүл Сауытбай танымал журналист Сәуле Әбілдаханқызының сынына жауап берді.
Сайрагүл Сауытбай өз жауабын бейнежазба арқылы жеткізген.
«Сәуле маған хабарласып: Сен адвокат Абзалға хабарласпа, оның мазасын алма. Абзалда жұмысың болса, маған хабарлас деп маған қатаң шектеу салды. Ол кісі менің адвокатым болғандықтан, жағдайдың қалай болып жатқанын білу құқығым бар еді. Бірақ Сәуле осы жағынан менің құқығыма ауыр дәрежеде қол сұқты. Сондықтан, мен адвокатыммен ұзақ уақыт хабарласа алмадым. Тағдырымның қалай шешіліп жатқанын тек Сәуле арқылы біле алатын бейшара халге жеттім. Сәуленің мақсаты — менің аузымды аштырмау. Әлемге Қытайдың қазақ халқына жүргізіп жатқан фашистік саясатын жар салып, айтқым келді. Бірақ соның барлығына Сәуле Әбілдаханқызы үнемі кедергі жасап отырды. Сонда, Қытайдағы қиналып жатқан қазақтардың жағдайын айтқызбай, аузымды аштырмай отырған Сәуле Әбілдаханқызы нағыз ұлтшыл ма? Іріткі салып, халықты маған қарсы қойып отыр. Маған Сәуледен ешқандай көмек керек емес, мен одан үй сұраған емеспін. Менің мақсатым тек босқын дәрежесін алып, отбасыммен бірге болу. Сонда, бұл әйел мен арқылы қандай мақсатқа жетпекші?» — деп сөзін аяқтады Сайрагүл Сауытбай.
.qazbrand.info
[:]