[:kz]
Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында ерекше қызметкер іске кірісті. Енді еденді адамдар емес, 2,5 млн теңге тұратын робот жуып жүр деп хабарлайды NUR.KZ.
Мұндай роботтар Қазақстанға алғаш рет жеткізілген. Ал идея Якутия құрастырушыларына тиесілі. Ендігі кезекте мұндай көлік Алматы қаласында өндіріледі деп жоспарлануда. Онда якутиялықтар робот құрастыратын зауыт ашуды көздеп отыр.
Мұндай бір қызметкер 2,5 млн теңге тұрады. Бұл басқа роботтармен салыстырғанда ең арзаны болып отыр. Шетелдік көліктер бұл көліктен төрт есе қымбат тұратын көрінеді.
Алайда, құрастырушылар мұның тек қана темірі үшін ғана төленген қаржы екенін, жасанды интеллектінің «миы» үшін тағы да төлеу керектігін айтуда.
Жалпы, үлкен өнеркәсіптік үй-жайларды жинау үшін роботтың құны еден жуушылардың жұмысынан арзанырақ болады.
Қазіргі уақытта қазақстандық компаниялар осындай тазалаушылардың 100 данасын сатып алуды жоспарлап отыр. Одан бөлек, 500 роботты ресейліктер тұтынбақ.
[:]