АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz] Қостанайда жоғалып кеткен жігіттің анасы көпшілікке видео-үндеу жолдады[:]

[:kz]

20 қаңтар күні жоғалып кеткен қостанайлық Елдос Дүйсеновтің анасы видео-үндеу жолдады. Әйел көпшіліктен көмек сұраған деп жазады облыстық полицияға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Видеода Елдостың анасы 20 қаңтар күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған ұлының хабарласуын сұрады.

Әйел видео арқылы өзінің жұмысқа шықпағанын, кішкентай қарындасының сабаққа бармай күтіп отырғанын айтқан.

Сондай-ақ амалы қалмаған ана баласына бір жағдай болса, көмектесуге дайын екенін де жеткізді.

Айта кетейік, Елдос Дүйсенов өзінің 22 жастағы құрбысымен бірге жоғалған.

kaz.nur.kz

[:]