АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Таразда қазақ-қырғыз шекарасынан табылған қыздың туыстары іздестірілуде (фото[:]

[:kz]

Таразда тек қана аты жөні ғана белгілі арудың жақындары іздестіріліп жатыр. Жасы шамамен 22-дегі қыз қазақ-қырғыз шекарасынан табылған деп хабарлайды КТК арнасы.

Телеарнаның мәліметінше, шекарадан табылған ару аты-жөнін еміс-еміс есіне түсірген.

Ақыл есінде ауытқушылығы бар, әріп танымайтын, санауды да білмейтін Алтынай Тұрсынованың оқымағаны байқалады екен.

Жас шамасы 20-дан асатын қыз өзінің үште екенін айтқан.

Алтынайдың ата-анасы, екі бауыры бар көрінеді. Айтуынша, ішкілікке жақын ата-анасынан жиі жәбір көргендіктен, қашып құтылған. Сөйтіп адасып жүрген оны шекара шебінен тәртіп сақшылары тауып алған. 

Психолог Ботакөз Қалқабаеваның сөзінше, Алтынайдың бойында қорқыныш сезімі қатты қалыптасып қалған. Ол тіпті, жауап беруге де қорқақтайды екен.

Қазір бейімдеу орталығының мамандары бойжеткеннің тұрғылықты мекен жайын білмегендіктен құжаттарын рәсімдей алмай қиналуда.

Сондықтан орталық қызметкерлері қызды танығандарға хабарласуды сұрайды.

Дереккөз КТК арнасы

[:]