[:kz]
Журналистің сауалына дөрекі жауап берген Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин айтқан сөзі үшін кешірім сұрады. Шенеунік өз тарапынан өрескелдік болғанын мойындаған деп хабарлайды NUR.KZ.
Серік Жұманғариннің кешірім сұраған сөздерін ведомствоның баспасөз хатшысы өзінің Facebook парақшасында жария етті.
«Мен журналистерге қарата қатты айтқан сөзіме өкініш білдіремін. Иә, менің сөзім өрескелдеу болды. Сол себепті, журналистерден ресми түрде кешірім сұраймын. Сұхбат беру мәселесіне келсек, ол жайлы ескерткенімдей, журналистерді қызықтырған сауалдарға жауап беруге дайынмын», — деп атап өткен вице-министр.
Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде тарифке қатысты сұрақ қойған тілшіге өрескел жауап берген Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғариннің
Серік Жұманғариннің кешірім сұраған сөздерін ведомствоның баспасөз хатшысы өзінің Facebook парақшасында жария етті.
«Мен журналистерге қарата қатты айтқан сөзіме өкініш білдіремін. Иә, менің сөзім өрескелдеу болды. Сол себепті, журналистерден ресми түрде кешірім сұраймын. Сұхбат беру мәселесіне келсек, ол жайлы ескерткенімдей, журналистерді қызықтырған сауалдарға жауап беруге дайынмын», — деп атап өткен вице-министр.
Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде тарифке қатысты сұрақ қойған тілшіге өрескел жауап берген Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғариннің видеосы тараған еді.
Видеоны көрген желі қолданушылары шенеуніктің сөзіне наразылық білдірген.
kaz.nur.kz
[:]