[:kz]
Қазақстан облысы Үржар ауданында пошта бөлімшесінен жәрдемақы мен зейнерақыны төлеуге арналған 13 миллион теңге ұрланды деп хабарлайды Алтайньюс.
Үржар ауданына қарасты ауылдардың біріндегі пошта бөлімшесінде 13-ші ақпан күні өрт шықты. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары ғимараттың толығымен өртеніп кеткенін көрген.
Алайда полицейлер тұрғындардың зейнетақылары мен жәрдемақылары сақтаулы тұрған банкоматтан ақша ұрланғанын анықтады.
Қызметкерлер өрт шығардан бір күн бұрын банкоматқа 13 миллион теңгеден астам қаражат толтырылғанын мәлімдеген.
Аудандық полиция бөлімінің басшылығы бес жедел-тергеу тобын құрды. Олар банкоматтағы ақша жоғалуына қызметкерлердің бірі қатысы бар болуы мүмкін деген болжам жасады.
Тергеу барысында болжамның дұрыс екені расталды. Ұрлықты пошта бөлімшесінде техникалық қызмет көрсететін 22 жастағы қызметкер жасағаны анықталды.
Түн ішінде терезден кірген ол, ақшаны жымқырып қана қоймай, ізін жасыру үшін бөлімшені өртеп жіберген. Сондай-ақ өрт дабылын өшіріп тастаған.
Тәртіп сақшыларының сөзінше, қылмыстың жасалуына пошта ғимаратының күзетілмеуі, бақылау бейнекамераларының қойылмауы себеп болған.
Қазіргі уақытта қылмыскер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
kaz.nur.kz
[:]