АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Әлдекімдер Бауыржан Байбектің есеп беруіне кедергі келтірмек болған[:]

[:kz]

Алматыда қала әкімінің есеп беруі алдында қоғамдық тәртіптің бұзылуы анықталды. Әлдекімдер Бауыржан Байбектің халықпен кездесуіне кедергі келтірмек болған. Бұл туралы оңтүстік астананың полиция департаменті мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Полицияның хабарлауынша, бірнеше адам есеп беру шарасын болдырмау үшін оның өткізілуіне кедергі келтірмек болған.

Құқық қорғау органдары тарапынан бірнеше мәрте ескерту жасалынғанымен, қоғамдық тәртіпті бұзушылар кедергі келтіруді тоқтатпай қойған.

«Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 434 бабының бірінші тармағына сәйкес бұзақылар ұсталып, оқиғаның мән-жайын анықтау және оларға қатысты тиісті шара қабылдау үшін полция басқармасына жеткізілген» , — деді департамент өкілдері.

kaz.nur.kz

[:]