[:kz]
Өскеменнің екі тұрғыны мүгедектің қысқы аяқ киімін күшпен шешіп, тартып алған, деп хабарлайды ustinka.kz.
кінәсі дәлелденсе, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Қала тұрғыны тәртіп сақшыларына хабарласып, 17 ақпан күні кешкі сағат 8 шамасында белгісіз азаматтар шабуыл жасап, күшпен қысқы кроссовкиін тартып алғанын айтқан.
«Қалалық полиция басқармасы қызметкерлері Орталық шұғыл әрекет ету басқармасының бейне бақылау жүйесінің көмегімен бұрын сотталған 44-45 жастағы екі азаматты ұстаған», — дейді ведомствоның баспасөз қызметі.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Егер күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
sputniknews.kz
[:]