[:kz]
Ұлыбританияда бетінен сүйгеннің кесірінен нәрестенің бет-аузы ұшыққа толып, ауруханаға түсті. Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Оқиға 12 қаңтар күні Большой Манчестер графтығына қарайтын Солфорд қаласында болған. Лорна Хой (Lorna Hoy) Кало есімді ұлының денесі аяқ астынан жараға толып кеткенін байқап, ауруханаға жеткізген. 27 жастағы ана бірнеше мәрте дәрігерлерге жүгінуге мәжбүр болған. Алайда ақ халаттылар тек үшінші ретте баланың денесі ұшық басқанын анықтаған.
Дәрігерлердің болжамынша, ауру сүйісу кезінде берілген.
«Аузынан жара табылды. Инфекция көзіне де тарап кетпесін деп оған дәрілер екті. Оның көзі көрмей қалуы мүмкін еді. Бұл вирустан балалар өліп те қалады деп естідім. Ол кезде Кало 2 жаста болғандықтан аман қалды деп ойлаймын», — дейді Лорна.
Дәрігерлер балаға тез арада көмек көрсеткен, соның нәтижесінде оның жағдайы бір қалыпқа түскен. Алайда баланың бетінде жараның іздері қалып қалған. Әйел басқа аналарға ескерту болсын деген оймен басынан өткенімен бөлісіп отыр.
[:]