АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Алпамыс батыр» жырын Латвиядағы Еуропарламент депутаты оқыды (ВИДЕО)[:]

[:kz]

«Тұлпар мініп, ту алған» ұлттық жобасы аясында ұйымдастырылған «Алпамыс батыр» жырын оқу эстафетасын бұл жолы Латвия мемлекетінің азаматы, Латвиядағы Еуропарламент депутаты Андрей Мамыкин жалғастырды. 

Андрей Мамыкин эстафетаны белгілі қазақстандық журналист Жанат Эрнстен алды. 

«Сонда Алпамыс сөйледі, 

Ашыса жаның Гүлбаршын.

Жолама менің қасыма,

Нелер келіп, не кетпес,

Ер жігіттің басына», – деп жырмен сөзін жалғаған Мамыкин эстафетаны ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенкоға жолдады.

Айта кетейік, «Тұлпар мініп, ту алған» ұлттық байқауы Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының тапсырысымен жүзеге асқан жоба. 

Былтырғы жарыста І орын алған №180 жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы Аружан Абсатарға 1 500 000 теңге бұйырды. Ал биыл оқушылар  «Қобыланды батыр» жырын оқып жарысады.

 

sn.kz

[:]