АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Пугачева Қазақстанға аттап баса алмады…[:]

[:kz]

 

Пугачева Қазақстанға аттап баса алмады…

1980-ші жылдардың басы. Өзбекәлі Жәнібеков ҚазССР мәдениет министрігінде әлде орынбасар, әлде министр болып жүрген кезі (нақты есімде жоқ).

Бірде сол жылдары “Арлекиномен” әлемге аты шыққан Алла Пугачеваның Алматыдағы Ленин атындағы сарайда (қазіргі Республика сарайы), ұмытпасам, екі концерті бір күнде өтті.

Екінші концерттің соңына таман көрермендердің “бис-бис” қошаметі шаршатқан Алла Пугачеваның сахна сыртындағы акустикалық микрофонның қосулы тұрғанын аңдамай: “Оһ, как надоели мне эти бараны!” деген сөзі естіледі. (Дәл осы туралы шағын мақаланы “Вечерняя Алма-Ата” газетінің тігіндісінен тауып алуға болады).

Залдың алдыңғы жағы гу етіп барып, бір басылады. Бірақ грузин мен армянға қарағанда “толерантты” қазақ концертті соңына дейін тыңдап қайтады.

Ертеңінде (әлде сол түні) бір “баран” Пугачиханың ол сөзін министрлікке жеткізеді. Өзағаң ҚазТВ-дан (әлде Қазрадиодан) концерттің жазбасын алдырып, Алланың айтқан сөзінен құлағдар болады.

Міне, сол күннен бастап, Алланың Қазақстанға концертпен келу жолы жабылады.

 

Ертеңінде СССР Мәдениет Министрлігі мен КПСС Орталық Комитетінің мәдениет бөлімі бұл жағдайдан хабардар болады.

Содан 1991-ші жылға дейін – Өзбекәлі Жәнібеков ЦК-ның хатшылығынан пенсияға кеткенге дейін, Алла Қазақстанға аттап баса алмады. Союзконцерт” бірлестігінің Қазақстанға гастрольдік бағдарламасынан Пугачева сызылып тасталып отырды. Сызып тастайтын – бағдарламаға келісім беретін ҚазССР мәдениетмині. Ал сызып тастауды қызметтен кеткенінше талап еткен – Өзбекәлі Жәнібеков.

“Ұлтқа қызмет қылу – мінезден” – Әлихан Бөкейхан.

Ермұрат Бапи

Думан Бықайдың Facebook желісіндегі «Қала мен дала» парақшасындағы жазбасынан алынды

«Қамшы» сілтейді

[:]