АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]30 жыл бағып-қақтым: Алматылық зейнеткер Америкаға көшіп кеткен қызын сотқа берді[:]

[:kz]

Алматыда 78 жастағы зейнеткер Қадыр Нукин АҚШ-та отбасымен тұратын қызын сотқа берді. Егде жастағы әкенің айтуынша, қызы 20 жылдан бері бірде бір рет  хабарласып, қал-жағдайын сұрамаған. Әкесі мен қызы өзара бейбіт келісімге келе алмаған соң, амалы таусылған зейнеткер сот арқылы алимент алуды ойлаған. Бұл туралы «Еуразия бірінші арнасына» сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

Бір кездері тату-тәтті болған отбасының әкесі  қартайған шағында өз балаларына керексіз болып қалам деп ойламаған. 90-шы жылдардың басында үлкен қызы күйеуі мен балаларын алып Америкаға кетіп қалған. Кіші қызымен де арақатынасы дұрыс бола қоймаған әкенің ұлы қаржылай көмекке мұқтаж.
Қадыр Нукинның айтуынша, басында қызы хабарласып жағдайын сұрап, суреттерін жіберіп  тұрған. Кейін байланысқа шығуды доғарған. Немерелерінің кіші кездері ғана есінде бар, қазір олар үлкен азамат болып кеткен. 

«Қызым байланысқа шығуды мүлде қойды. Тек сот ісі туралы хабарлама жеткенде ғана хабарласты. Ол аузына келген сұмдықтың бәрін айтса да, мән бермеуге тырыстым. Осы уақытқа дейін Алматыға он шақты рет келгенмен бірде бір рет хабарласпап едің, басыңа түймедей мәселе пайда болып еді тез хабарластың ғой деп айттым»-деді өз қызына өкпесі қара қазандай әке. 

Құқық қоғаушылардың пікірінше, зейнеткердің бұған заңды құқығы бар. «Неке және отбасы туралы» кодексіне сәйкес еңбекке қабілетті, ересек балалардың қамқорлығынсыз қалған ата-аналарына көмек көрсетуге мiндеттi екенiн айтады. Алдымен ата-анасы өз баласына өтiнiш жасап, көмек сұрауы керек. Егер бала бас тартса, ата-ана алимент үшiн сотқа баруға құқылы. Сонымен қатар, базаны дайындау үшін, зейнетақы куәлігін беру қажет », — деді адвокат Гаухар Джакупова. 

Әкесінің сөзіне қарағанда, қызы Америкада сәулім үйде тұрады, жағдайлары жақсы. Ал зейнетақыға қарап отырған отырған әке дәрі-дәрмекке, ас-суына, шығындарға ақша жеткізе алмайтынығын айтып отыр. Сондықтан зейнеткер өз қызынан айына 400 АҚШ долларын төлеуді талап етіп отыр. Бұл сумма қарияның жақсы өмір сүруіне жеткілікті екен. 

Stan.kz 

[:]