[:kz]
Ресейдің тергеу комитеті Мәскеудегі пәтерлердің бірінен табылған маугли қыздың видеосын жариялады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Риа новости сайтына сілтеме жасап.
Видеода қыз тұрып жатқан пәтердің іші қоқысқа толы екендігі көрінеоі, сондай-ақ жиһаздардың бәрі сынып қалған. Балконның есігі қоқыстың салдарынан ашылмай қалған, ал үйдің терезелері ұзақ уақыт бойы жуылмағаны көрініп тұр.
Бірнеше күн бұрын жергілікті БАҚ-та көршілердің шағымынан кейін тергеушілер пәтерді тексеруге келгендігі айтылған болатын. Көршілер күнделікті естілетінбаланың айқайы мен жылаған дауысына шағымданған. Пәтерден табылған қызды құқық қорғау органдарының өкілдері ауруханаға жеткізді.
Тергеушілердің мәліметінше, пәтердегі қыз анорексияға шалдыққан. Сондай-ақ, қыздың ақыл -ойы дамымай қалған, жергілікті БАҚ оны «маугли» деп атап кетті.
Қоқысқа толы пәтерден табылған қыздың анасы қолға түсті, қазір оны тергеуге алуда. Анасының үстінен «Адам өлтірмек болды» деген айыппен қылмыстық іс қозғалды.
Ұсынған: Назерке Лабихан
[:]