АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Қайтем жасырып…» Танымал әнші бес әйелі барын ашық айтты — видео [:]

[:kz]

«Нұрлан мен Мұрат» тобының әншісі бес әйелі барын айтты. Бесеуі де тату-тәтті жақсы тұрады екен

 Кезінде тарап кеткен «Нұрлан мен Мұрат» тобының экс-әншісі Нұрлан Әміров бес әйелі барын, оның тек үшіншісімен ғана заңды некеге отырғанын ашық айтты.

Бұл туралы әнші «Өз ойым» бағдарламасында берген сұхбатында мәлімдеген.

«Алла тұр ғой, шынымды айтайын, менің бес әйелім бар. Барлығын жақсы көрдім. Олар бір-бірімен жақсы араласады. Бес әйелімнен алты балам бар», — дейді ол.

 
 

Әміров үш әйелінің тұрмысқа шыққанын, қазір екеуімен ғана тұрып жатқанын да айтты.

 

«Бірінші әйелім тұрмысқа кетті. Одан бір ұлым бар. Ол менің қолымда. Ұлды үйлендірдім, бірге тұрамыз. Екіншісі де тұрмысқа шыққан. Одан бір қызым бар. Үшіншісі менде. Төртіншісі де күйеуге тиіп кетті. Бесіншісімен біргеміз», — дейді әнші.

Әншінің ең кіші әйелі өзінен 20 жас кіші екен.

 

Айта кетелік, Нұрлан Әміров отандық бағдарламаларға берген тағы бір сұхбатында қыз-келіншектерді сынаймын деп көптің сөзіне қалған еді. Оның пікірінше, көп әйел бала туған соң бетпердесін шешіп, өзгеріп шыға келеді екен.

sputniknews.kz

[:]