[:kz]
22 наурызда Алматы мен Астанада полиция ондаған адамды ұстап, автобусқа салып әкетті. Полиция адамдардың не үшін ұсталғанын ашып айтпады. Полиция әрекетін түсіруге барған Азаттық тілшілеріне белгісіз адамдар кедергі келтірді.
1
Он шақты адам қаладағы Гоголь мен Панфилов көшесінің қиылысында жиналып, наразылықтарын білдіріп тұрды. Олардың арасында елдегі соңғы саяси шешімдерге, биліктің әрекетіне, Астана атауын Нұрсұлтан деп өзгертуге қарсы пікір айтқандар бар.
Полиция жергілікті уақытпен 11.30 шамасында осы маңға жиналған ондаған адамды ұстай бастады. Ұсталғандардың бірі полицияға «неге ұстап жатырсыңдар? Аналарың, балаларың жоқ па?» деп жанұшыра айғайлады. Алматы.
Полиция «Наурыз мейрамын тойлауға келген» адамды әкетіп барады.
Алматы тұрғыны (ортада) Астананың атын өзгертуге қарсы пікір айтып тұр.
[:]