[:kz]
Бристольдің 61 жастағы тұрғыны марқұм болған анасының шашынан көйлек тіктіретінін айтып, ерекше хабарландыру берген. Бұл туралы metronews.ru сайтына сілтеме жасағанKAZ.NUR.KZ порталы хабарлайды.
Хабарландыруда әйел көйлектің дизайнын ойластырып қойғанын да мәлімдеген.»Анамның той көйлегін қайта жаңғыртып, өзгеше етіп тігіп беретін адамды іздеймін. Ол 1959 жылы тұрмыс құрған еді. Жақында қайтыс болған соң ол туралы жақсы естелік сақталса екен деймін. Той көйлегін жаңарту жақсы идея сияқты», — дейді ол.
Британдық әйел көйлекті жаңартып қана қоймай, оны анасының шашымен безендіргісі келетінін де жасырмаған.«Анамның дерті туралы 2014 жылы білдік. Ол кезде шашты не істейтінімді білмесем де, сақтап, жинап жүрдім. Ал қазір оны көйлекке қоссақ, тіптен жақсы болады деп ойлаймын. Оны тігіп беретін адамға 15 мың фунт (шамамен 7 миллион теңге) төлеуге дайынмын», — деп жазған ол.
Әйел бұл көйлекті 2019 жылдың тамыз айында, анасының еске алу кешіне кимекші екен.
[:]