[:kz]
Айқын жас әнші Аделямен клип түсіріп, жұртты тағы бір мәрте шулатты. Бейнебаянда ғашықтардың рөлін ойнаған әншіні желі қолданушылары қызу талқыға салды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Желі қолданушыларының барлығы Айқынды жас әншіге қосып үлгерген.»Үшінші әйеліңіз болатын шығар», «Барған сайын клиптеріңіздің мәні кетіп бара жатыр», «Арзан хайп қуалап жүрсіз бе?».
«Айқынды біреумен көрсек қорқатын болдық қой», «Жұлдыз қызғанбайды ма?», «Қырыққа келгенде қылық шығарып жүрсіз», «Ай сайын клип шығаратын болып жүрсіз ғой. Өнеріңізге сәттілік».«Шынымды айтсам, клип ұнамады», «Айқынның жеке өмірі мен өнерін шатастырмаңыздар», «Әндеріңіз әдемі болғанымен, клиптеріңіз бір сарынды», — деп пікір білдірді желідегілер.
Айта кетейік, Айқын Төлепберген осыған дейін өзінің жас әйелі Жұлдыз Өмірғалиді екі бейнебаянына түсірген болатын.
[:]