АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Айдарбекова «Қайрат Димаштан қайталап, шетелге кетті» дегендерге жауап берді[:]

[:kz]

Бүгін, яғни 28 наурыз күні Қайрат Нұртас Біріккен Араб Әмірліктерінде концерт береді. Хитменнің ән кеші қазақстандық туристер жиі баратын Дубай қаласында өтпек. Бұл ретте тыңдармандар Қайрат шетелдерде концерт қойып жүрген Димаштан қайталап әлек деген сынды жазбалар қалдыруда. Айдарбекова көпшіліктің сынына жауап берді, деп жазады Stan.kz. 

Оқырмандардың бірі: «Қайрат Димаштан көргенін істеп жүр, шетелде концерт беріп», — деп пікір қалдырған. Оған Қайраттың анасы: 

«Жаным сол, шетелге Қайрат 18 жасынан бастап жылда беріп келген. Шетелді енді көріп жатқандай сөйледің ғой. Қытайдың небір стадиондарын толтырған, бірақ соны түсіру ойымызда болмапты. Соткамен таралғандарын көрсең болады. Димаштың дауысының ерекшелігін мақтасаң, әлемді мойындатқанын айтсаң болады. Бірақ Қайрат шетелге концертті енді қойып жатыр дегенің күлкілі. Ютубтан жылдарын тексеріп көріп ал. Білмесең білетіндерден сұрап ал. Неге ішің күйіп, парақшама кіріп ызыңдап отырсың ұнамаса», — деп жауап берді.

Сондай-ақ, Айдарбекова халықтың жүрегінен орын алу үшін шетелдік байқауларға қатысу міндет емес екенін баса айтты. 

«Конкурстарға міндетті түрде тек шет елде қатысу міндетті емес. Қазақстандағы конкурстарды айырып тастаған, барлық жерде алдыңғы орынды иеленіп. Өз еліміздің маxаббатының өзі біз үшін Алланың берген сыйы. Алла бұйыртып жатса, Алла амандық берсе шыңнан көріне берсін. Жақсылықтың ерте кеші жоқ.Ең бастысы өз Қазағымыз өзіңіз ұқсап іштарлық білдірмесе болды. Міндетті түрде басқа ел көтеру керек емес, алдымен өзімізді-өзіміз көтере білейік», — деді ол.

Stan.kz. 

[:]