[:kz]
Қытайдың Сычуань провинциясында тұратын 12 жастағы Сю Бинянь күнделікті мектепке досын арқалап апарады. Оқушының анасы да бұл туралы білмеген деп жазады life.ruсайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Сю Бинянның досы Джан Цзэ өте сирек кездесетін «миастения гравис» (бұлшықеттердің әлсіздігі) ауруына шалдыққан.
Оған бұл диагноз қойылғанда ол небәрі төрт жаста болған. Джан өз бетімен жүре алмайды, бірақ бақытына орай оның жан досы бар.
Әрине, бұл шын мәнінде оңай емес. Бірақ балалар үш минутта сыныпқа немесе әжетханаға жетіп үлгереді.
Сю досына тұрмыста да көмектеседі. Мысалы, құмырасына су толтыруға көмектесіп, мұғалімге үй тапсырмасын апарып береді.
Болашақта ол ерікті болып, адамдарға көмектесуді қалайды.
[:]