[:kz]
Үнемі ел аузында жүретін Төреғали Төреәлі бұл жолы игі әрекетімен көзге түсті. Өнер иесі қызылордалық жетім балалармен кездесіп, оларға сый жасады, деп хабарлайды Stan.kz.
Әнші бір күндік уақытын ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арнады. Ол балаларға арнап ән шырқап, олармен бірге тал отырғызды. Сондай-ақ, бір дастархан басында әңгіме-дүкен құрып, оларға сыйлықтарын тарту етті.
Мұны көрген жұрт Төреғалиге риза болып, батасын берді.
«Алла разы болсын саған», «Жарайсың Төреш», «Көзіме жас келді, Алла сені жебеп жүрсін», — деп ақ тілегін білдірді оқырмандар.
[:]