[:kz]
Белгілі актриса Анара Батырхан Төреғали Төреәлі студент кезінде сабақтан көп қалғанын айтты. Бұл туралы бойжеткен»Salem Show« бағдарламасында баяндады деп жазадыKAZ.NUR.KZ.
Студенттік уақытты еске алған Анара Батырхан Төреғали Төреәлімен бір топта оқығанын жеткізді.»Өте талантты жігіт. Бойында өнер тамған деуге болады. Сол кездерде қандай да бір кеш болмасын, біз дайындалмай, қашып кетеміз. Сонда ол домбырамен арнау айтады. Өзі ақын, айтыскер. Сол кезде барып, «Төреғали, айта салшы» деймін.
Ол кешігіп келсе де қандай тақырып екенін сұрайды. «Осы ағайдың туған күні болып жатыр, мақтай бер» деймін. Осылайша, ол бәрімізді құтқаратын. Бірақ, сабақтан көп қалатын, шыны керек. Сол кезден бастап гастрольдері мен концерттері болатын. Айтыскер болғандықтан өте көп кететін», — деді ол.
Сонымен қатар, Анара Батырхан студенттік тобының ерекшелігі туралы да сөз етті.»Біздің топты «жұлдызды топ» дейтін. Себебі, біздің топтан Асылхан Төлепов, Аян Өтепберген, Төреғали Төреәлі, мен шықтым. Өзімді осылай мақтап қояйыншы. Қазір бір айда бір рет жиналамыз. Жігіттер көп қыдырсақ, ұрысатын. Асылхан «тыныш жүріңдер» деп ұрысатын. Қазір күйеуге шықсаңдаршы деп ұрысады», — деді актриса.
[:]