[:kz]
Президент болуға үміткер болуға ниет білдіргендер сайлауға қатысу үшін жарна төлеуге тиіс. Оның көлемі екі миллион теңгеден асады. Сондай-ақ үміткерлер өз табыстарын жария етуге міндетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Президенттікке үміткер ретінде тіркелу үшін ұсынылушылар ұсынылатын айдың бірінші күніндегі, яғни 2019 жылдың бірінші сәуірдегі жағдайы бойынша өзінің және жұбайының (зайыбының) кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасын әкелулері тиіс.
Тапсырылған декларацияларда үміткерлердің кірістері мен мүлкі туралы мәліметтердің жалған екендігі анықталған жағдайда орталық сайлау комиссиясы үміткерлерді тіркеудің күшін жоя алады.
Еске сала кетейік, орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президентіне үміткерді ұсынуға 19 күн берген болатын.
KAZ.NUR.KZ.
[:]