АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Бірде-бір рет сайлауға бармаған Тәуекел Мүсілім желідегілерді таңырқатты [:]

[:kz]

Тәуекел Мүсілім әлеуметтік желіде осы күнге дейін бір-бір рет дауыс бермегенін ашып айтты. Бұндайды актерден күтпеген желі қолданушылары оны сынға алған деп жазадыKAZ.NUR.KZ.

Шоу-бизнес серісі өзінің сайлауға бірде-бір рет бармағаны жайлы ақпаратпен Instagram парақшасында бөліскен.»Қазақстанда кезектен тыс сайлау болып өтпек. Шынымды айтсам, бірде-бір рет сайлауға бармаппын» , — деп жазды ол.

Алайда желі қолданушылары актерге бұның мақтанарлықтай дүние емес екенін айтқан.»Мен сені өз елінің азаматы әрі патриоты деп санасам. Мақтанатын нәрсе тауыпсың», «Ұят, бұл қалай болғаны?» , «Сайлауға бармағанымен несімен мақтанасыңдар? Барып дауыс беріңдер, мүмкін сол кезде басшылар халыққа бұрылар» , «Осы жолы міндетті түрде бар» ,»Елің үшін аса маңызды шешім қабылдауға ат салысуың қажет» , «Мен өз басым үнемі барам. Себебі мені елімнің болашағы алаңдатады. Мен мелмекетімнің патриотымын. Сізге де баруға кеңес беремін» , деп жазуда көпшілік.

  

[:]