АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Жаман ниетіңіз өзіңізге емес, жақындарыңызға ауып кетуі мүмкін ғой…[:]

[:kz]

Лажы болса «өлгім келеді», «түңілдім бәрінен», «өлейін десем қимайтындарым бар» деген сөзді айтпақ түгі ойлауға болмайтынын бір сәт ұғып алсақ! Бұл менің ойым, әрине.

Сөздің құдыреті деген бар. Ол бүгін болмаса, ертең «тесіп шығады». Өзіңе өлім тілеу деген қандай жаман және ол өтірік шешім, негізі jңай емес қой, өле салу. Вариант та емес.

Абайлау керек. Адамның ғұмырын беретін де, алатын да бір Алла. Ол жаман ниетіңіз өзіңізге емес, жақындарыңызға ауып кетуі мүмкін ғой…

Менің бір танысым бар еді, аптасына бір рет «өлгім келеді» дегенді ұмытпай, аса құлшыныспен айтып жүретін. Бірінші кезде қосыла жылайтынбыз, тіпті дүниенің бар психологына апарғанбыз.

Кейін қарасақ, адамдардың көңілін аудару үшін екен. Шаршап кеттік, күнде «өлем, өлем» дей берген соң. 

Сосын… жол апатына түсіп, баласын сіңлісі асырап алды… Өзі төсекке таңылып қалды. Жазылуына, шауып кетуіне шын жүрегіммен тілектеспін.

Айтарым, абайлап сөйлесек екен. Маған ондай пессимист, өлімді аңсап тұратын адамдар хабарласпаса екен: жылап, мұң шағып, ақша сұрап…

 

Алия Кудайбергенова 

Фейсбуктегі парақшасынан

[:]