[:kz]
Қытай Қытай турмесінде отырған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың өміріне қатысты тың мәліметтер белгілі болды деп хабарлайды «Астана» арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қазақстанның Қытайдағы төтенше және өкілетті елшісі Шахрат Нұрышевтің сөзінше, консул екі айда бір рет бойжеткенмен түрмеде жүздесіп тұрады. Барып тұрған сайын ол Ақжарқынға ақшалай көмек көрсетеді. Оған қоса, қазақстандық аруды ағылшын тілін меңгеруге арналған оқулықтармен қамтамасыз етуде.
«Болат Қадырұлы екі айда бір рет Ақжарқын Тұрлыбайға барып тұрады. Ол кісі бойжеткенге өз қалтасынан ақшалай көмектесіп, кітаптар мен оған қажетті заттарды сатып әпереді. Біздің бюджетте бұл ақша қарастырылмаған» , — деді Нұрышев.
Елші қаражат әдетте, тек қазақстандықтың өлімі кезінде оның туысқандарына көмектесу үшін бөлінеді. Алайда, кейіннен ол ақша міндетті түрде мемлекетке қайтарылуы керек.
«Ал енді мұндай нәрселерге бізде ақша қарастырылмаған. Сол себепті, біз өзіміз ақша жинап беруге мәжбүрміз» , — деді елші.
Анықталғандай, есірткі тасымалы үшін айыпталған Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі әлі аяқталған жоқ. Қазіргі таңда, қосымша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның аясында, бойжеткеннің Қазақстаннан кетуіне қатысы бар адамдардан жауап алынып жатыр.
Елшіліктің мәлімдеуінше, Қытай соты ақтық шешімін барлық мән-жайды анықтаған соң шығаратынын жеткізді.
Еске сала кетейік, жас қазақ қызы 2014 жылы Гуанчжоу әуежайында тұтқындаған болатын. Оны аса ауқымды мөлшердегі есірткі тасымалы күдікті деп таныған.. Алайда, бойжеткен өз кінәсін мойындаған жоқ. Ол тыйым салынған заттарды өзіне салып жібергенін алға тартты.
ҚХР соты оны кінәлі деп тауып, өмір бойы бас бостандығынан айырған. Алайда, кейіннен бұл шешім заңдық күшін жойды. Бүгінде іс қайта қаралу үстінде.
[:]