[:kz]
Түркістан облысы Жетісай ауданында өгей шешесінен қорлық көрді деген апалы-сіңлілі үш қызды жеңгесі 18 сәуірде Шымкентке психиатриялық сараптамаға алып барды. 250 шақырым жерден келген олар комиссия өкілдері сағат төртте кетіп қалғандықтан тексерістен өте алмаған. Сенімді өкілі ретінде танылған қыздардың жанашыры 31 арнаға сұхбат берген.
«Бұл жерде шындық — енді әртіс былайша айтсан. Мысалы министрліктен тікұшақпен келіп түсті, бірден сол кезде бәрі жиналады да бірден жанашыр сияқты болып таныла салады да сырт көзге. Ал басқа кезде ішкім жоқ таппай қаласың.
Өтірік күледі, мен саған жәрдем беремін саған, мен үйтемін деп, кейін ол кісіні таппайсың. Сені танымайды. Сен кімсің дегенге келтіреді, мысалы. Соған ашынасың. Соған ашуың келеді», — дейді Эльмира Қойымбетова.
Жеңгесінің сөзінше, дәрігерлер қыздарға дұрыс ем жасамай жатқан көрінеді.
Ол ақ халаттылар жеткіншектердің жарақатына уақытша қойдыратын дәрі салғанымен, нақты емдеп жатқан ешкімді көрмегенін айтты.
Сенімді өкіл жан-жақтан қысым болып жатқанын, сол үшін қорқып жүргенін де жасырмады.«20 адам жабылып, бір жыл бойы қайда қарап жүрдің? «Балаларды саған да бермейміз» деді. Енді неше түрлі әңгімені айтқан. Келсем енем «шокқа» түсіп құлап жатыр ғой», — дейді ол.
Эльмира Қойымбетованың сөзінше, сараптама жасауға таңертең шығайын деп жатқанда, белгісіз комиссия келіп, қыздарға ең жақын адамдарды ата-ана құқығынан айырып, апалы-сіңлілерді балалар үйіне өткіземіз деп айтыпты.
Ол бұл сөздердің ауыр тигенін тілге тиек етті.«Менің төрт ұлым мен бір қызым бар. Енді бір қызыма үш қыз қосылды деп қуанып жатқанымда басшылары қызды аламыз деп қорқытып жатыр. Біз үш қызды ешқашанда бере алмаймыз. Бізді өлтіреді, сосын қыздарды береміз», — дейді үш қыз баланың жеңгесі.
Еске сала кетсек, Түркістан облысында өгей ана балаларға зәбір көрсетті деген күдікке ілінген. Артынша оның екінші сәбиіне аяғы ауыр екені белгілі болды. Күдіктелген келіншек, тіпті, қыздарға көрсеткен қорлығын жазу үшін «жазалау»дәптерін арнағаны да хабарланды.
Сонымен қатар, өгей анасынан қорлық көрген қыздарға қатысты сұмдық жайт белгілі болған еді.
Бұған қатысты үнсіз қалмай күдікті әйелдің әкесі де өз шындығын айтқан болатын.
Шулы оқиғаға байланысты қыздардың туған анасы KAZ. NUR.KZ-ке эксклюзивті сұқбат берді.
[:]