[:kz]
Ресейдің Рязань қаласында 11 жастағы қыз тоққа қосылып тұрған телефонын ваннаға түсіріп алған. Салдарынан ол тоққа түсіп көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz РФ тергеу комитетіне сілтеме жасап.
Қыздың денесін ата-анасы 22 сәуірде күндізгі уақытта тапқан.
Тергеу комитетінің мәліметінше, телефон тоққа қосылып тұрған. Оқушы қыз телефонды ваннаға түсіріп алып, тоққа түсіп қалыпты.
Аталған факті бойынша тергеу басталды.
[:]