АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Айсәуле Бақытбек келіндік міндетін қалай атқарып жүргенін айтты[:]

[:kz]

Продюсер Баян Алагөзованың үлкен қызы үйлену тойынан кейінгі өмірі туралы баяндады. Айсәуле Бақытбек «Айта берсін»бағдарламасында келіндік міндетін қалай атқарып жүргенін айтқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Айсәуле Бақытбек анасымен, сүйіктісімен. Фото: Instagram Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Айсәуле Бақытбек анасымен, сүйіктісімен. Фото: Instagram Коллаж: KAZ.NUR.KZ

 

Жақында ғана отбасын құрып, ата-енесімен бірге тұрып жатқан Айсәуле Бақытбек өзінің жақсы келін екенін айтады.

Ол жаңа отбасында күнделікті таңғы және түскі асты өзі әзірлейтінін жеткізді. Үй шаруасы оның жеке күтіміне кедергі келтірмейді екен.

Қалыңдық сүйіктісінің отбасына тез сіңісіп кетуіне ғашығымен бес жыл бойы кездесіп жүргені елеулі түрде әсер еткенін алға тартты. Олар сол аралықта бір-біріне үйренісіп қалған.

Оның үстіне Айсәуле жолдасының ата-анасымен де бұрыннан таныс болып шықты.

«Біз бәріміз бірге тұрамыз. Бізде таңғы, түскі, кешкі ас бәрі де бар» , — дейді Айсәуле.

Бойжеткен өз бойындағы кәсіпкер, Instagram жұлдыз, үлгілі жар және жақсы келін образдарын үйлестіріп, оңтайлы пайдаланып жүргенін айтты.

[:]