АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Президент кітапханаға барып, алматылық жастармен селфи жасады (фото)[:]

[:kz]

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасына барып, жастармен кездесті деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Президент «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жастардың зияткерлік орталығы болып қайта құрылған Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасының жұмысымен танысты.

«Оpen space» форматы бойынша жұмыс істейтін бұл мекемеде электронды ресурстармен, кітап және мерзімді басылымдармен жұмыс істеу, фильмдер көрсету, таныстырылымдар, тренингтер және конференциялар өткізу қызметі қамтылған.

Орталық кітап қоры 1,8 миллион данадан асатын қаланың бірыңғай кітапханалар жүйесіне кіреді.

Қасым-Жомарт Тоқаев жастар мен еріктілер қозғалысының өкілдеріне өзінің өмірі мен еңбек жолы туралы әңгімеледі.

«БҰҰ Бас хатшысының орынбасары болып жұмыс істеген кезімде волонтерлік жұмысқа көп көңіл бөлдім. Біз көптеген елдердің еріктілерін жинап форумдар ұйымдастырдық. Қазақстан Парламентінде істегенде волонтерлік туралы заң қабылдадық. Мемлекет тарапынан бұл қозғалысқа қолдау көрсетіп, дамыту үшін барлық жағдай жасалуда», – деді Қазақстан президенті.
Мемлекет басшысы жақын арада елімізде еріктілердің үлкен форумын өткізу жоспарланып отырғанын айтты.

Фото: Ақорда

 KAZ.NUR.KZ.

 

[:]