АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Елордалықтар мен алматылықтар әділ сайлауды талап етіп, шеруге шықты[:]

[:kz]

1 мамырда Алматы және Астана қаласының тұрғындары қала көшелерімен жүріп өтіп, сайлаудың әділ өтуін талап етті, деп хабарлайды Stan.kz

Елордалық шеруді бастаған адамдар тобы Абай көшесімен жүріп, Республика даңғылына дейін, Кенесары көшесіне жеткен. Полиция өкілдері қазақстандықтар қоғамдағы тәртіпті бұзбайынша, шеруге араласпайтынын айтты. 

Қазақстандықтар «Менің таңдауым бар», «Халық деген — билік» деп ұрандап, алдағы уақыттағы сайлауға, биліктің жұмысына қатысты ойларымен бөлісті. 

Елордадағы полиция департаментінің жетекшісі Ержан Сәденов және оның орынбасары Бақытжан Малыбаев жиналған қауымнан таралып кетуді, тәртіп сақтауды сұрады. Sputnik Қазақстан басылымының мәліметінше, полиция қызметкерлерімен ұсталған азаматтар бар.

«Ұстаған адамды босатамыз. Бірақ барлығы таралып, тәртіпті бұзбауы керек. Біз қызметкерлерімізбен ретке келтіреміз. Заңды бұзған адам жазаланады. Видеоматериалдар бар», — дейді Сәденов.

Алматыда Горький саябағында да осындай шеру өтті. Қазақстандықтар оңтүстік астананың тұрғындарынан 9 маусымда өтетін президенттік сайлауға бармауды сұрады. Сондай-ақ АЭС-тің салынуына қарсы екенін бірауыздан айтты. Жиналған қауымның алдына Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов шығып, оларды сабырлыққа шақырды.  Шеруді полиция қызметкерлері азаннан бастап бақылап отырды. 

 Stan.kz

[:]