[:kz]
Елорда әкімі Бақыт Сұлтанов бүгін Сарыарқа ауданындағы ағаш отырғызу телімінде тұратын тұрғындармен кездесті. Шенеунік жексенбілік плоггингке қатысып, халықпен біріге, екі тонна қоқыс шығарған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Тұрғындармен кездесуі жайлы әкім өзінің Facebookпарақшасында жазды.
Сұлтановтың сөзінше, Сарыарқа ауданындағы ағаш отырғызу телімінде қазір 350 адам 60 жер үйде мекен етіп отыр екен. Бүін олардың бірі қалмай тазалық науқанына шығып, әкіммен бірлесіп 2 тонна қоқыс шығарған.
Кездесу барысында жергілікті тұрғындар тыныс-тіршілікке байланысты сұрақтарын қойып, оның ішінде ауыз су, жол салу, жарық пен балалар ойнайтын алаң орнату мәселелерін көтерген.
Сондай-ақ, Бақыт Сұлтанов бүгін «Көктал 2» тұрғын алабының азаматтарымен кездескен. Олар да 68 мектептің алдындағы саябақты көгалдандыру үшін ағаш отырғызу науқанына кіріскен.
Әкім олармен бірген қайың, қарағай ағаштарын отырғызған.
Сонымен қатар шенеунік «Көктал» ауданын аралау барысында 68 мектептің жанынан салынып жатқан жапсарлас нысанның құрылысы мен жолдарың аxуалын тексеріп, жауаптыларға тиісті тапсырма бергенін атап өтті.
[:]