АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Луганск қаласында Ресей төлқұжатын тарата бастады

[:kz]

Ресейлік төлқұжаттын беру орынжайы өз егемендігін жариялаған ЛХР-де ашылды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

ЛХР Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Параскеевтың айтуынша, өңір тұрғындары 6-мамырдан бастап орынжайға келіп, төлқұжат алу үшін арыз жазуына болады.»Ертеңгі күннен бастап Луганск Халық Республикасының аумағында кеден қызметінің бөлімдері ашылады», — деді Параскеев.

24-сәуір күні Ресей президенті Владимир Путин ЛХР және ДХР тұрғындарына ресейлік төлқұжат алу жолын жеңілдету туралы жарлыққа қол қойды.

 

Ал 1-мамырда Путин Украина халқының бөлек санатына ресейлік азаматтықты алуы туралы заңға қол қойды. Киев өз тарапынан Ресей төлқұжатын алған жерлестерінің азаматтықтан айыратыны туралы мәлімдеді.

 

«Қамшы» сілтейді

[:]