АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Экипажды тыңдамаған ана мен бала Шереметьеводағы апатты ұшақтан аман қалды[:]

[:kz]

5 мамыр күні «Аэрофлоттың» Sukhoi Superjet 100 ұшағының өртке орануы кезінде ана мен 12 жастағы бала шығаберіске бірінші болып жетіп, аман қалған деп хабарлайды MashTelegram арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Mash

Фото: Mash

Арнаның мәліметінше, Юлия есімді жолаушы орында отыра беруін өтінген бортсеріктердің сөзін құлаққа аспай, 12 жастағы баласымен өртке оранған ұшақтың бас жағына жүгірген.

Бортсеріктер оны орнына отырғызуға тырысқанымен қолдарынан ештеңе келмепті.. Юлия баласымен бірге болғандықтан экипаж қызметкерлерінің өтінішін орындай алмаған.

«Сол себепті бірінші болып шықтыЮля Мурманск облысының полициясында бағдарламашы болып жұмыс істейді. Ал күйеуі бұрын ЭҚКБ-да қызмет еткен. Юлияның ұлы Саша ата-анасын өте жақсы көреді, отбасы туралы суреттер байқауларында бас жүлделерді жеңіп отырады. Олардың ізімен жүруді армандайды», — деп жазады Mash.

Естеріңізге сала кетейік, Шереметьево әуежайындағы апаттың салдары анықталған болатын.

[:]