[:kz]
Қырғызстандағы түрік елшісі Женгиз Камил Фырат ауызашар кезінде жанжал шығарды. Оған ҚМДБ ұйымдастырған кешкі асқа ФЕТО өкілінің шақырылғаны ұнамай қалған деп хабарлайды «24.kg» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қырғызстанның Діни басқармасы бұл оқиғаның 8 мамыр күні болғанын мәлімдеді. Басылымның жазуынша, елші ауызашарға шақырылған қонақтарға, анығын айтқанда, «Сапат» оқу орталығының директоры Орхан Инандаға наразы болған.
«Рамазан айында сіздер террористі шақырып отырсыздар. Бұл не деген мүфтият? Мен сіздерге $35 миллионға мешіт тұрғызып бердім, ал сіздер мені лаңкеспен бір орынға жайғастырмақсыздар», — деп келтірді елшінің сөздерін аталмыш басылым.
Сонымен бірге, Фырат оларға Түркия мен террористердің арасында таңдау жасау қажет екенін айтқан.
[:]