АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Соғыста нан таратқандай»: Маңғыстау облысында тегін балмұздақ үшін адамдар бір-бірін таптап кете жаздады (видео)[:]

[:kz]

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы аттракциондер паркінде Отбасы күнінің құрметіне келушілерге тегін балмұздақ таратқан. Алайда біраз уақыттан кейін адамдар ұрысып, бір-бірін таптап кете жаздады.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «ИнАктау» басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Тегін балмұздақ үшін кезекте тұрған адамдар бір-бірін балағаттап, итеріп, алға қарай өтіп кетпек болды. Желіде куәгерлер түсіріп алған видео тарады. 

«Кезекте қысылысып тұрған адамдар құлап, есінен танып жатты. Балмұздақты тек 20-30 адам ғана алды. Қалғандары алған жоқ. Соғыстағы аштық кезінде нан таратқандай болды. Ешкім аяғының астына қарамады, балалар қысылып қалды. Сұмдық», — дейді куәгерлердің бірі. 

 

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, балмұздақ үшін кезекте ешкім зардап шекпеген. 

 Stan.kz

[:]